Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл кабинеттерде балаға қолайлы орта қалыптастырылып, алғашқы психологиялық көмектен бастап сот-медициналық сараптамаға дейінгі барлық қажетті қызмет бір жерде көрсетіледі. Сондай-ақ бейінді мамандардың қатысуымен сауалнама жүргізіледі. Осылайша, баланың әртүрлі мекемелерді жағалап жүруі тоқтатылып, оның психологиялық тұрғыдан қайта жарақат алуына жол берілмейді.
Аталған бастама 2025 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңда көзделген. Норма 2026 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енеді.
Қазіргі уақытта кабинеттердің қызмет қағидалары әзірленіп жатыр. Құжат бекітілгеннен кейін өңірлерде оларды кезең-кезеңімен ашу жоспарланған.
Заң шеңберінде зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған немесе соның куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидалары да дайындалды. Аталған құжатта:
- Осындай балаларды анықтау тәртібі;
- Көмек көрсету тетіктері;
- Мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, 111 байланыс орталығының, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен өңірлік уәкілдердің өзара іс-қимыл алгоритмдері нақты айқындалған.
Бұл тетік ведомствоаралық жедел әрекет етуге және балаларға уақтылы, кешенді көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Қарағандыда анасынан зәбір көрген 4 жастағы баланың ісіне қатысты сот үкімі шығарылды
Жаңа бастама – баланың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған нақты қадам. Ендігі міндет – қабылданған нормаларды тиімді жүзеге асырып, әрбір баланың қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету.
Астанада зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балаларға қолдау көрсетілді