Әлем • Бүгін, 11:02

Дубайдағы ахуал: Отандастарымыз елге қайта алмай отыр

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дубай, Абу-Даби және Рас-эль-Хаймада жүрген Қазақстан азаматтары рейстердің тоқтатылуына байланысты елге қайта алмай отыр. Олардың арасында кішкентай балалары бар отбасылар, қарт кісілер мен жүкті әйелдер бар. Туристер қиын жағдайда қалғандарын айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дубайдағы ахуал: Отандастарымыз елге қайта алмай отыр

видеодан алынған кадр

Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуы мен әуе кеңістігінің жабылуына байланысты жүздеген Қазақстан азаматы БАӘ аумағындағы қонақүйлер мен әуежайларда қалып қойған. Қазіргі уақытта сол жерде жүрген туристердің айтуынша, кейбір азаматтардың қонақүйдегі тұру мерзімі ұзартылмаған.

«Демалысымыз нағыз қиындыққа ұласты. Әуежайда нақты ақпарат берілмейді. Туроператорлар жауапкершіліктен бас тартып, жағдайды өз мойындарына алмай отыр. Балаларымызбен бірге далада қалу қаупі бар. Құрметті Президент, бізге қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз», делінген бейнеүндеуде.

Отандастарымыз әлеуметтік желіде 2-3 наурызға жоспарланған рейстерінің тоқтатылғанын, әуежайдың жабылғанын, қонақүй бағасының күрт өскенін жазып жатыр.

Олар Сыртқы істер министрлігінен шұғыл шара қабылдап, азаматтардың елге аман-есен оралуына жәрдемдесуді талап етіп отыр.

Ирандағы мектепке жасалған шабуыл: қаза тапқан оқушылардың саны 150-ге жуықтады

Дубайдағы Қазақстан консулдығының өкілі Әлнұр Аманбек рейстердің кешігуіне байланысты әуе компаниясы барлық шығынды толық өтей алмайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, қонақүй ақысы төленбейтіндіктен, кей азаматтарға уақытша қаржылық мәселені шешу үшін туыстары мен таныстарынан қарыз сұрау немесе несие рәсімдеу қажеттігі туындауы мүмкін.

Консул өкілінің сөзінше, Air Astana қонақүйлердегі орналастыру шығындарын толық жаба алмайтынын хабарлаған. Қазіргі уақытта компания басшылығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қонақүйлермен арнайы төмендетілген баға бойынша келісім жасау мәселесі қарастырылуда. Алайда шығын көлемі үлкен болғандықтан, оны толық өтеу мүмкін емес. Шетелде қалып қойған ел азаматтарының саны 15 мыңнан асады, әрі әрқайсының жағдайы әртүрлі.

Қазіргі таңда дипломаттар ел азаматтары мен туристік агенттіктердің нақты тізімін жасақтап жатыр. Туроператор арқылы барған туристердің шығынын сол агенттіктер өтеуі тиіс деген ұсыныс айтылуда. Ал жолдаманы өз бетінше алған азаматтар үшін қонақүй тарапынан жеңілдіктер қарастыру көзделіп отыр.

Иран аятолла Хаменеидің қазасын растады: елде 40 күндік аза тұту жарияланды

Сонымен бірге, Әмірліктер билігі белгілі бір деңгейде көмек көрсетуге дайын екенін білдірген. Қазақстан тарапы тиісті жоғары органдарға ресми түрде жүгініп, отандастардың қонақүйде тұруына кеткен шығынды өтеу мәселесін көтермек.

Соңғы жаңалықтар