Әлем • Бүгін, 15:48

Иранда Али Хаменеинің орнына уақытша көшбасшы тағайындалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан қаза тапқан Али Хаменеидің орнына аятолла Алиреза Арафи келді, деп хабарлайды Egemen.kz IRNA агенттігіне сілтеме жасап.

Иранда Али Хаменеинің орнына уақытша көшбасшы тағайындалды

фото: Khamenei.ir/ Wikimedia Commons

Аятолла Алиреза Арафи – Иранның жоғары лауазымды дін қызметкері әрі саяси қайраткері. Ол елдің жоғарғы билік органдарындағы негізгі тұлғалардың бірі және марқұм Хаменеидің сенімді серігі саналады.

Арафи өтпелі кезеңде елдің жоғарғы басшылығының міндетін атқаратын жетекші кеңестің мүшесі болып тағайындалды. Кеңес құрамына сондай-ақ Иран президенті Масуд Пезешкиан мен сот жүйесінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеи кірді.

Айта кетейік, бұған дейін Иранда жоғарғы көшбасшы Али Хаменеидің АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан қаза тапқаны расталған еді. Оның резиденциясы әуе соққылары нәтижесінде толықтай қираған. Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, 7 күндік демалыс күндерін белгіледі.

Ирандағы мектепке жасалған шабуыл: қаза тапқан оқушылардың саны 150-ге жуықтады

Соңғы жаңалықтар

Жетісуда 4546 құрт дайындалды

Аймақтар • Бүгін, 17:40