Хабарламада атап өтілгендей, Таяу Шығыстың кейбір аймақтарындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты, сол елдерге немесе сол елдер арқылы ұшатын рейстердің кестесінде өзгерістер болуы ықтимал.
Жолаушыларға сапарға шығудан бұрын өз авиакомпаниясынан рейс мәртебесін тексеру ұсынылады.
Әуежай баспасөз қызметі мәлімдегендей, Астана әуежайы авиакомпаниялармен үнемі байланыста болып, жағдайды бақылауда ұстап, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді.