Қоғам • Бүгін, 11:12

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру: Жаңа қызметті қалай рәсімдейміз?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн қалай ауыстыруға болады? Сәуір айынан бастап жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда да оны онлайн ауыстыруға мүмкіндік бар. Қызмет eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру: Жаңа қызметті қалай рәсімдейміз?

Фото: Жетісу облысы әкмдігі

Негізгі талаптар

  • Мерзімі өтіп кеткен куәлік үшін міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет.

  • Егер куәлік мерзімі аяқталғанға дейін ауыстырылса, медициналық анықтама талап етілмейді.

  • Мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК.

  • Қызмет көрсету мерзімі – 60 минут.

  • 30 күннен астам төленбеген айыппұл болса, қызмет көрсетілмейді

  1. Порталға кіріп, «Азаматтарға» – «Көлік және коммуникациялар» – «Автомобиль көлігі» бөліміне өтіңіз.

  2. «Жүргізуші куәлігін алу» қызметін таңдаңыз.

  3. Фото мен қолтаңба үлгісін жүктеңіз.

  4. Дайын құжатты алатын ХҚКО-ны көрсетіңіз.

  5. Мемлекеттік бажды төлеңіз.

  6. Өтінімді электронды қолтаңбамен немесе өзге қолжетімді тәсілмен растаңыз.

eGov Mobile арқылы

  1. Қосымшаға кіріп, «eGov Мемлекеттік қызметтер» – «Жүргізу және көлік» бөліміне өтіңіз.

  2. «Жүргізуші куәлігін беру» қызметін таңдаңыз.

  3. Фото мен қолтаңбаны жүктеңіз.

  4. ХҚКО бөлімін таңдаңыз.

  5. Баж салығын төлеңіз.

  6. Өтінімді растаңыз.

  • Фото белгіленген талаптарға сай болуы тиіс.

  • Бұрын берілген жеке куәліктегі фотосуретті пайдалануға болады, егер құжат үш жылдан аспайтын мерзімде берілсе.

  • Өтінім нәтижесі Жеке кабинеттегі «Хабарламалар» бөлімінде көрінеді.

  • Дайын құжатты таңдалған ХҚКО-дан жеке куәлікпен барып аласыз.

Соңғы жаңалықтар