Президент • Бүгін, 15:05

Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Эстония Президенті Алар Каристі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Президент құттықтау жеделхатында Алар Каристің былтыр Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары өзара ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беріп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға ықпал еткеніне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алар Каристің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас эстон халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдағанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар