Фото: ТЖМ/видеодан алынған скрин
Өрт болған кезде қоймада картон өнімдері болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кезінде тауық пен жұмыртқа өнімдері қоймада болмаған.
Өрт 600 шаршы метр аумақта сөндіріліп, құтқарушылар қабылдаған шаралардың нәтижесінде жапсарлас салынған қоймаға өрттің таралуына жол берілмеген.
Өртті сөндіру барысында ғимарат ішінен 2 газ баллон сыртқа шығарылған.