Ата заң • Бүгін, 19:33

Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына және ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндікке кепілдік береді

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері Сүлейман Демирел атындағы университет студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына және ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндікке кепілдік береді

Коалиция делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Отырысқаы Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Сергей Пономарев және басқалары қатысты. Студенттік қауымдастық атынан университет белсенділері мен жас жоба авторлары сөз сөйледі.

Аида Балаева жаңа Конституция жобасы жаһандық өзгерістерді ескеріп, идеялар, құзыреттер мен инновациялар шешуші рөл атқаратын білім экономикасын дамытуға жол ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, студенттер мен жас зерттеушілер үшін заң жобасында шығармашылық еркіндікке кепілдік пен зияткерлік меншікті қорғау нормаларының бекітілуі айрықша маңызды.

«Конституция сөз бостандығы мен ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндікке кепілдік береді. Ең бастысы – зияткерлік меншік заңмен қорғалады. Яғни, идеялар, стартап өнімдері, авторлық жобалар, зерттеулер мен шығармашылық нәтижелері конституциялық деңгейде бекітіледі. Жастар үшін бұл – абстракция емес, еңбектеріңіздің қорғалатынына және құндылық ретінде танылатынына деген сенім», деді Аида Балаева.

Вице-премьер білім берудің маңызына ерекше тоқталып, оны негізгі конституциялық кепілдік әрі мүмкіндіктер теңдігінің іргетасы деп атады. Ол білімге қолжетімділік әлеуметтік тұрақтылық пен адами капиталды дамытудың басты негізі болып қала беретінін айтты.

Конституция күні 15 наурызда аталып өтуі мүмкін

Сонымен қатар, кездесу барысында коалиция мүшелері азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарына назар аударды. Атап айтқанда, дербес деректерді қорғау және цифрлық сервистерге сенімді қалыптастыру мәселелері талқыланды. Конституция жобасында дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан цифрлық технологиялар арқылы қорғау нормалары бекітілетіні атап өтілді. Бұл жастардың цифрлық бастамаларының қауіпсіздігі мен дамуына тікелей әсер етеді.

Р

Жалпыұлттық коалиция мүшесі, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов білім мен ғылымға басымдық беру экономиканы жаңғыртудың әрі елдің бәсекеге қабілетін арттырудың басты шарты екенін сөз етіп, бұл бағыттар Конституцияда нақты әрі берік бекітілуі тиіс екенін тілге тиек етті.

«Білім өндірісті жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға, жаңа стандарттарды енгізуге және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Балаларға білім беру құқығы, заманауи білім алу, жастардың сұранысқа сай қабілеттерді игеруі – мұның бәрі Ата заңда берік бекітілуі тиіс. Себебі Конституция мемлекеттің заңнамалық және бюджеттік саясатының іргетасын айқындайды», деп атап өтті ол.

Кездесу барысында студенттер де жаңа Конституция жобасының маңызы туралы пікір білдіріп, білім, ғылым және елдің зияткерлік әлеуетін дамытудың стратегиялық негізі ретінде қабылдайтындарын жеткізді. SDU студенті Мақсат Айтбек білім мен ғылым басымдықтарын конституциялық деңгейде бекітуді қажет деп санайды.

Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады

«Егер Конституция білім мен ғылымды мемлекеттік саясаттың тірегіне айналдырса, бұл әлеуметтік салаға салынған инвестиция ғана емес, болашаққа бағытталған стратегиялық қадам», деді ол.

Кездесу соңында Аида Балаева студенттермен және университет оқытушыларымен әңгімелесіп, Ата заңның болашағына қатысты шешім қабылдауда азаматтардың референдумға тікелей қатысуы маңызды екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар