Спорт • Бүгін, 18:20

«Отбасы банк» гимнастшылардың жаттығу залын тартып ала ма? Министрлік түсініктеме берді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрлігі Астана қаласы №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің көркем гимнастика бөлімі тәрбиеленушілерінің «Думан» қонақ үй кешенінің залында жаттығуына қатысты мәселеге түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

«Отбасы банк» гимнастшылардың жаттығу залын тартып ала ма? Министрлік түсініктеме берді

Фото: gtsolifk.ru

Министрлік мәліметінше, қазір «Отбасы банк» АҚ спортшылар үшін аталған залды пайдалану мерзімін 1 маусымға дейін ұзартқан. Бұл көркем гимнастшылардың оқу-жаттығу жұмысын тұрақты жалғастыруға мүмкіндік берген. Сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сәйкес, 1 маусымнан бастап спортшылардың жыл соңына дейін «Сарыарқа» велотрегінің спорт залын жалға алу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Қала әкімдігінің ақпаратынша, Жангелдин көшесі, 9а мекенжайында орналасқан «Жеңіс» спорт кешенінде көркем гимнастика залына арналған арнайы қосымша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба аясында көлемі 14×14 метр, биіктігі 14 метр болатын екі тұғыр қарастырылған. Нысанды биыл жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
 
«Туризм және спорт министрлігі үшін спортшылардың тұрақты дайындық жағдайын қамтамасыз ету – негізгі басымдықтардың бірі. Егер баламалы алаң анықталмаса, қолданыстағы залды одан әрі пайдалану мәселесі балалардың мүддесін ескере отырып, қайта қаралады. Бұл туралы қосымша ақпарат БАҚ арқылы хабарланады. Жағдай министрліктің бақылауында», делінген министрлік таратқан хабарламада.
Соңғы жаңалықтар