Ата заң • Бүгін, 21:46

Қызылорда облысында жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

«Ақ жол" партиясы Қызылорда облыстық филиалының  өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары өтті

 

Қызылорда облыстық филиал төрағасы Б.Сандыбаев, «Ақ жол» партиясының  облыстық, қалалық мәслихаттағы депутаттары Қ.Боранбаев, Н.Сопбеков, А.Төлегенова және облыстық филиал қызметкерлері қаладағы  «Aray City Mаll» ірі  сауда-ойын-сауық орталығының ұжымымен және сауда орталығында жұмыс жасайтын  кәсіпкерлермен кездесіп, жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Кездесуге келген кәсіпкерлерге Ақжолдық депутаттар Б.Сандыбаев, Қ.Боранбаев және А.Төлегенова мен облыстық филиал заңгері Н.Амангелдиев жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары бойынша  кәсіпкерлерге түсіндірме жұмысын жүргізді.

Г

Сонымен қатар кездесуге БАҚ өкілдері, «Егемен Қазақстан», «Қазақстан» ұлттық телеарнасы,  «Кызылординские вести», «Қызылорда облыстық телеарнасы» өкілдері қатысып, кездесу соңында Ақжолдық депутат А.Төлегенова телеарналарға сұхбат берді.

Соңғы жаңалықтар