Энергетика • Бүгін, 11:11

Еліміздің мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай 40 млн тоннаға жетеді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Энергетикалық секторды нығайту үшін Үкімет мұнай өңдеу қуатын 18,4 тоннадан жылына 40 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асырып жатыр. Жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ) жаңғырту барысы және қуаты 10 млн тонна жаңа зауыт салуға дайындық туралы Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай 40 млн тоннаға жетеді

Фото: gov.kz

Қайырхан Тұтқышбаев жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын жоспарлы түрде кеңейту 2030 жылға қарай дизель отынының тапшылығын жоюға мүмкіндік беретінін, ал 2033 жылы төртінші зауытты іске қосу авиакеросинге деген қажеттілікті толық өтейтінін және К5 стандартындағы жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспортқа шығаруды қамтамасыз ететінін хабарлады.

Сонымен қатар Қашаған кен орнында газ өңдеу қуатын арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2026 жылдың соңында ГӨЗ-1-дің іске қосу арқылы жылына 2,5 млрд текше метр тауарлық газ өндіріледі. Мұнай-газ химиясы секторында басты назар терең өңдеуге бағытталған. Полиэтилен, бутадиен және карбамид шығару жөніндегі жобаларды жүзеге асыру шикізатпен салыстырғанда өнім құнын 20 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. 2026 жылы Павлодар облысындағы алкилат өндіретін зауыттың құрылысы одан әрі қарқынды түрде жалғасады, бұл еліміздің ішкі қажеттіліктерін 100% қамтамасыз етеді.

Олжас Бектенов: Азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылады

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2026-2033 жылдары елімізде қуаты жылына 10 млн тонна болатын жаңа МӨЗ-дің техникалық-экономикалық негіздерін әзірлеу, жобалау, салу және іске қосу бойынша жұмыстарын жүзеге асыра отырып, қайта өңдеу қуатын жылына 40 млн тоннаға дейін жеткізу көзделген.

9 ірі жоба толық іске қосылғанда өндіріс көлемі еселеп артады

«Кеңейту жобалары мұнай өнімдерінің тапшылығын кезең-кезеңімен азайтуға мүмкіндік береді. 2033 жылы төртінші зауыт есебінен авиакеросин тапшылығы жойылып, көрші елдерге ЖЖМ экспорты басталады. Жұмыс істеп тұрған зауыттарда қайта өңдеу үлесі 94%-ға дейін өседі, ал отын сапасы К5 стандартына дейін артады», деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Соңғы жаңалықтар