«Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Садықұлы Әбжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.
Әбжанов Бауыржан Садықұлы 1968 жылы 10 сәуірде Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола) Еңбекшілдер ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген.
1990 жылы КСРО ІІМ Новосибирск жоғары әскери командалық училищесін, 1998 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны үздік, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының академиясын, 2013 жылы Мәскеу қаласында үздік бітірді.
Айта кетейік, бүгінгі тағайындауға дейін ол ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары лауазымын атқарып келді. Генерал-майор атағына ие.