Медицина • Бүгін, 16:32

Қазақстан мен Беларусь медицина қызметкерлерін бірлесіп оқытады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Богдановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Беларусь медицина қызметкерлерін бірлесіп оқытады

Кездесу барысында тараптар медициналық технологиялар, фармацевтика, цифрлық шешімдер және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты талқылады.

Басым бағыттардың қатарында Қазақстан клиникалары базасында медициналық туризмді дамыту, сондай-ақ дәрілік заттарды тіркеу және фармацевтикалық өнімдердің бағасын реттеу мәселелері бар.

Биыл медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өседі

Сонымен қатар тәжірибе алмасу, бірлескен оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және медицина кадрларын даярлау мәселелері қарастырылды.

Ақпан қан тапсыру айы деп жарияланды: Ақмарал Әлназарова қан доноры болды

Соңғы жаңалықтар