Саясат • Бүгін, 10:48

Қазақстан − Германия келіссөздері: Қай салаларда серіктестік артады?

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германияға сапары аясында елдің экономика және энергетика министрі Катарина Райхемен кездесті. Келіссөздерде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланып, индустриялық-технологиялық сала, энергетика, логистика, цифрландыру және ауыл шаруашылығы бағыттарына басымдық берілді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан − Германия келіссөздері: Қай салаларда серіктестік артады?

Фото: shutterstock

Ермек Көшербаев Қазақстан Германиямен байланыстарды Еуропалық одақтағы негізгі стратегиялық серіктестіктің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, Астана екіжақты форматта да, Еуропалық одақ пен Орталық Азияның өңірлік алаңдары аясында да экономикалық ықпалдастықты тереңдетуге мүдделі.

«Қазақстан Германиямен ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән береді және оны Еуропалық одақтағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде қарастырады. Германиямен екіжақты деңгейде де, Еуропалық одақ пен Орталық Азияның өңірлік форматтары шеңберінде де экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде ілгерілетуге дайынбыз және келісілген бастамаларды нақты жобалар мен нәтижелерге айналдыруға ниеттіміз», деді министр.

Германия АҚШ-тағы алтын қорын елге қайтаруды көздеп отыр

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне де тоқталды. Сыртқы істер министрінің мәліметінше, Халықаралық валюта қорының деректері бойынша ел экономикасының көлемі 300 млрд АҚШ долларына жетіп, Қазақстан әлемнің жетекші 50 экономикасының қатарына енген. Бұл жан басына шаққанда шамамен 15 мың АҚШ долларына тең. Сондай-ақ 2000-2025 жылдар аралығында нақты жалпы ішкі өнімнің орташа өсімі 3,6 пайызды құрап, Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан бес елдің қатарына кірген.

Өз кезегінде Катарина Райхе Қазақстанды Германия үшін Орталық Азиядағы сенімді серіктес деп атап өтті.

«Қазақстан Германия үшін Орталық Азиядағы сенімді серіктес. Тұрақты даму мен инновациялар негізінде экономикалық және энергетикалық ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз», деді ол.

Тараптар энергетикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударды. Атап айтқанда, біздің мұнайды Германияның Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жеткізу мәселесі және Қазақстаннан Германия мен Еуропалық одақ елдеріне «жасыл» сутегі өндіру мен экспорттау перспективалары қарастырылды. Сонымен бірге машина жасау, химия өнеркәсібі және тау-кен металлургия салаларындағы бірлескен жобалар, неміс технологиялары мен үздік тәжірибені трансферлеу мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақстан мен Германия туризм саласындағы серіктестікті кеңейтеді

Логистика саласында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, сондай-ақ көлік пен өнеркәсіптік процестерді цифрландыру бағытындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі айтылды. Кездесу қорытындысында тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін растап, мазмұнды диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Алматыда Қазақстан − Германия Nexus институты құрылады

Сапар аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Deutsche Bahn, Noble Elements, Lanxess, Rhenus Group және DIHK өкілдерімен де кездесті. Онда сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы, өнеркәсіп, химия, логистика, машина жасау, денсаулық сақтау және кәсіптік білім беру салаларындағы әріптестікті кеңейту жолдары талқыланды.

Ермек Көшербаев Астана мен Берлин арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтіп, Қазақстанның жоғары технологиялық инвестиция тартуға, озық өндірістік шешімдерді енгізуге және герман бизнесімен кооперацияны тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді. Неміс компаниялары өз кезегінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, қазақ нарығындағы қатысуын арттыруға дайын екендерін білдірді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастырып, нақты бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті екенін растады.

Соңғы жаңалықтар