Фото: Ақорда
Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.
Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен он екі отырысының нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленгенін баяндады.
Жаңа Конституция мәтіні азаматтар мен сарапшылардың былтыр қазан айынан бастап eGov және e-Otinish порталдарына жолдаған бастамалары негізінде дайындалды. Сондай-ақ жобада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қазан-қаңтар айлары аралығында жинақтаған тәсілдер де ескерілді.
Бақыт Нұрмұханов: Жаңа Конституцияның жобасында өтпелі ережелер нақтыланды
Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия талқылау қорытындысы бойынша жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынатынын жеткізді.
Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның өте ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарғанын атап өтті. Президенттің пікірінше, жаңа Конституция ережелері мемлекетіміздің институционалдық негізін трансформациялау үдерісі толығымен аяқталып, мүлде жаңа конституциялық үлгіге көшетінін көрсетеді.
Серік Егізбаев: Жаңа Конституция қоғам сұранысына жауап береді
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ата Заң жобасы қоғамдағы өзекті құндылықтар мен мемлекеттік саясат қағидаттарын айқындап қана қоймай, Қазақстанның одан әрі прогрессивті дамуына негіз қалайтынын айтты.
Президент маңызды жұмысты кәсіби тұрғыда атқарған Конституциялық комиссия мүшелеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Комиссия мүшелерінің жаңа Конституция жобасын тікелей эфирде талқылауы қоғамдық диалогтің жоғары деңгейін танытқанына назар аударды.
Магеррам Магеррамов Конституция жобасын референдумға шығаруды ұсынды
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жобаны әзірлеу мен талқылауға мыңдаған азаматтың белсене атсалысқанына тоқталып, бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келетінін және жаңа Конституцияның шынайы халықтық сипатын көрсететінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев таяу арада жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.