Спорт • Бүгін, 16:43

Қысқы Олимпиада: Үш могулшымыз финалға шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан екінші іріктеу кезеңі аяқталды. Іріктеуде үздік ондықтың қатарына енген спортшылар ғана финалға жолдама алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қысқы Олимпиада: Үш могулшымыз финалға шықты

Фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, екінші іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан Анастасия Городко, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова өнер көрсетті.

Қазақстандық могулшылар Олимпиаданың финалына шығу үшін екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды

Нәтижесінде Ю.Галышева 5-орын, А.Городко 7-орын алса, А.Әмренова 10-орынға тұрақтады. Осылайша үшеуі де финалға жолдама алған 20 спортшының қатарына енді.

Айта кетейік, ақтық бәсеке бүгін, 11 ақпанда Астана уақытымен 18:15-те басталады.

Қысқы Олимпиада: Фристайл-могулдан Павел Колмаков финалға шықты

Соңғы жаңалықтар