Фото: instagram.com/sgork_official
«Мұнараға шабуыл» атты төртінші кезеңде еліміздің екі құрамасы жеңіс тұғырына көтерілді. «Kazakhstan В» тобы алтын жүлдегер атанса, «Kazakhstan С» үшінші орынды жеңіп алды. 109 команда арасында «Kazakhstan А» тобы бесінші орынға жайғасты.
UAE SWAT Challenge: Қазақстан арнайы жасақтары турнирдің алғашқы күнінде топ жарды
Әйелдер арасында тағы да үздік шыққан «Tomiris» қыздар құрамасы ондаған ерлер құрамасын артта қалдырып, турнир кестесінде 18-ші орында тұр.
Төрт кезең нәтижесі бойынша еліміздің құрамалары озып тұр. «Kazakhstan С» тобы ең жоғарғы ұпаймен көш бастап, UAE SWAT Challenge-нің алтын жүлдесіне үміткер. Төрт күндегі жоғары нәтижесімен екінші орынға «Kazakhstan А» тобы тұрақтаған. «Kazakhstan В» мен «Tomiris» турнир кестесінің 12-ші және 13-ші орнына табан тіреген.
UAE SWAT Challenge: Қазақстан командалары турнирдің барлық жүлделі орындарын иеленді
Айта кетейік, енді элиталық турнирдің бір кезеңі ғана қалды. Жеңімпаздар бесінші кезең қорытындысы мен жалпы ұпай санына қарай анықталады.