Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда қысқа бағдарлама бойынша бақ сынады. Михаил Шайдоров төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-ші орынға тұрақтады.
Бұл сында АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юга Кагияма (103.07 ұпай) иеленсе, үшінші аралық орынға 102.55 ұпаймен франциялық Адам Сяо Хим Фа тұрақтады.
Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.
Қысқы Олимпиада: Фристайл-могулдан Павел Колмаков финалға шықты