фото: HALYQSTAN в Telegram
Апат Ақтөбе – Орск тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Opel маркалы көліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, DAF жүк көлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр, болған жағдайдың барлық мән-жайы мен себептері анықталды», делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу басталды.
Айта кетейік, 6 ақпанда Астанада қалың қар мен көктайғақ салдарынан 45 жол-көлік оқиғасы тіркелген еді.