Прокуратура органдарының үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында түнгі клубтан 10 литрлік 4 газ баллоны және полиэтилен пакетке салынған 6 шар табылып, заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабына сәйкес (улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Қару-жарақ пен валюта: Шекарада заңсыз жүк тасымалының жолы кесілді
Сонымен қатар, клуб қызметкерінің кәмелет жасына толмағаны анықталып, оның заңды өкілдеріне қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар рәсімделді.