Қала көшелеріндегі апаттардың күрт көбеюіне қалың қар, көктайғақ және көріну деңгейінің төмендеуі себеп болған.
Полиция департаменті апаттың жиілігі мен көлік қозғалысының қиындауына байланысты жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты ұстауға шақырады.
Сондай-ақ қала сыртындағы кейбір жол учаскелерінде қозғалыстың жиі шектелуіне байланысты алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Құқық қорғау органдарының ескертуінше, жол жағдайы тұрақталғанға дейін сақтық шараларын күшейту қажет.
Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардың қай бағытта ашық және жабық екенін хабарлаған еді.