Ғалам ғажаптары • Кеше

Робот-полиция

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында робот-иттер патрульдік бақылауға енгізілді. Жоба аясында жаңа техно­логиялар ірі сауда ойын-сауық орта­лықтары мен көлік инфрақұ­рылымы нысандарында қолданылып жатыр.

Робот-полиция

Сурет ашық дереккөзден алынды

Робот-иттер белгіленген аумақты автономды түрде аралап, бейнеақпаратты дәл сол уақытта басқару орталығына жібереді. Бақылау барысында күдікті жағдайлар немесе тәртіп бұзу белгілері анықталса, шұғыл әрекет ету шаралары қабылданады. Мамандардың айтуынша, роботтандырылған патруль жүйесі үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді және қауіпсіздік қызметкерлерінің жүктемесін азайтады. Сонымен қатар цифрлық шешімдер құқықбұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жоба қанантқақты режімде жүзеге асырылып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар