Коллажды жасаған Зауреш СМАҒҰЛ, «EQ»
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасымен байланысты қылмыстардың жолын кесу, анықтау, қоғамға төнетін қауіп-қатерін азайту бағытындағы жұмысты жандандырды.
Жаңа туған нәрестелерді сатпақ болған: министрлік адам саудасына қатысты 39 фактіні анықтады
«Былтыр облыс аумағында адам саудасына қатысты 21 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде ұйымдасқан топ немесе қылмыстық ұйым құру, басшылық ету, қылмыстық топқа қатысу, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру деректері бар. Осыған байланысты «Стоп трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, жезөкшелікпен айналысатын, жеңгетайлық қызметпен шұғылданатын, дәстүрлі емес сексуалдық бағыттағы адамдар анықталып, полиция органдарына жеткізілді. Оларға заң талаптары, құқық бұзушылықтың салдары мен әлеуметтік қаупі түсіндірілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қызылордада жыл басынан бері адам саудасына қатысты 6 іс тіркелген