Ауа райы • 01 Ақпан, 2026

Синоптиктер ескерту жариялады: Еліміздің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2026 жылғы 1 ақпанда Қазақстанның 12 қаласында ауа ластануының жоғары деңгейі күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер ескерту жариялады: Еліміздің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» таратқан мәліметке сәйкес, 1 ақпанда Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Петропавл қаласында ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) — бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық ауа, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына әкеледі.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына, әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластану көздеріне жақын жерлерде, ашық ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдарға сыртқа шыққан кезде өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүру қажет.

Ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40