Оқиға • 31 Қаңтар, 2026

«Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің жұлдызы өмірден өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Үйде жалғыз қалғанда» фильміндегі басты кейіпкердің анасын сомдаған Кэтрин О’Хара 71 жасында дүниеден өтті, деп жазады Egemen.kz

«Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің жұлдызы өмірден өтті

«Аңызға айналған Голливуд жұлдызы жұма күні қайтыс болды… Өлімінің себебі әзірге белгісіз», деп хабарлады TMZ басылымы.

О’Хара кәсіби мансабын 1970-жылдары бастап, теле-бағдарламалар мен кино-фильмдерде бірдей өнер көрсетті. Көпшілік көрерменге ол ең алдымен «Үйде жалғыз қалғанда» комедиялық фильмінің басты кейіпкері Кевиннің анасы Кейттің рөлі арқылы танылды.

Сонымен қатар О’Хара «Рождество алдындағы түн», «Орман бауырлары», «Үй-құбыжық», «Аю бауырым» сияқты мультфильм кейіпкерлерін дыбыстаған.

Актриса «Алтын глобус» (2021), «Эмми» (1982, 2020) және АҚШ Киноактерлер гильдиясының сыйлығын (2021, екі мәрте) иеленген.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38