Мәдениет • 30 Қаңтар, 2026

Әуезов театрының жүз жылдық тарихынан сыр шертетін құнды деректер жарияланды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мегаполистегі Алматы музейінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай, «Ғасыр жасаған Ұлт театры» атты көрме салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуезов театрының жүз жылдық тарихынан сыр шертетін құнды деректер жарияланды

Көрмеде Алматы музейі мен М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры музейінің қорынан алынған театр тарихына қатысты бірегей архивтік құжаттар мен фотосуреттер, 1940 жылдардан бүгінгі күнге дейінгі спектакль афишалары ұсынылды.

Аида Балаева Әуезов атындағы драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

Әсіресе қазақ театр өнерінің көрнекті майталмандары киген сахналық костюмдер елдің назарын аударды. Мысалы, Ә.Молдабековтің «Ваня аға» спектакліндегі, Ш.Жандарбекованың «Ақан сері – Ақтоқты», З.Шәріпованың «Отелло» спектаклінде Дездемона рөлінде киген, Т.Жаманқұловтың Абылай хан бейнесіндегі сахналық киімдері сияқты құнды экспонаттар көрмеге қойылды.

Ұлт театрының тұңғыш қойылымы

Көрме ғасырлық тарихы бар ұлттық театрдың шығармашылық жолын кеңінен насихаттап, көрерменді қазақ театр өнерінің даму кезеңдерімен таныстыруды, жас ұрпақтың рухани-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

1

Көрменің ашылу рәсіміне Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері, шығармашылық интеллигенция, өнер қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көрме ақпан айының соңына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар