Сенат • 30 Қаңтар, 2026

Мәулен Әшімбаев: Президент реформаларының мақсаты – мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сенатта «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Саяси жаңғыру: Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі» тақырыбына арналған отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңіне өту кезінде конституциялық реформаның мәні мен мазмұнын, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастырудағы рөлін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Президент реформаларының мақсаты – мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту

«Қазақстан ұлттық жаңғыру кезеңіне қадам басып жатыр. Осы тарихи сәтте зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы ұсынған ауқымды өзгерістердің мәнін қоғамға дұрыс жеткізу аса маңызды. Қазіргідей жауапты кезеңде ұлттық бірлікті одан әрі бекемдеу өте өзекті. Қоғамды ортақ мүддеге жұмылдыру ісінде де сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Саяси жаңғырудың түпкі мақсаты – мемлекеттілік пен Тәуелсіздікті нығайту. Бұл – Әділетті Қазақстан құру жолындағы жаңа конституциялық модельге көшу кезеңі. Алдағы уақытта конституциялық реформаларды табысты іске асыруға зиялы қауым мен сарапшылар қоғамдастығы белсенді үлес қосады деп сенемін», деді Мәулен Әшімбаев.

Еске салайық, Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның кезекті отырысы өтіп жатыр.

Сенат төрағасы: Конституциялық реформа – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37