Футбол • 30 Қаңтар, 2026

«Миланның» бұрынғы ойыншысы «Жеңіс» футбол клубына ауысты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай қорғаушы Александр Меркель астаналық «Жеңіс» футбол клубымен келісімшартқа отырды. Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Миланның» бұрынғы ойыншысы «Жеңіс» футбол клубына ауысты

Александр – футболдағы мансабын Германияда бастап, «Милан» клубының жастар академиясында тәлім алды. Кейін Италияның негізгі командасында ойнады. Ол сондай-ақ «Дженоа», «Удинезе», «Грассхоппер», «Хераклес» және басқа да бірнеше еуропалық клубтарда өнер көрсетті.

Футболдан әлемдік рейтинг жарияланды: Қазақстан нешінші орында тұр?

«Александр Меркель Қазақстан құрамасы сапында 2015 жылдан бастап ойнап, ел намысын халықаралық жарыстарда қорғады. Оның алаңды көре білу қабілеті, физикалық қуаты және стандартты жағдайларды орындаудағы ерекше шеберлігі «Жеңіс» клубының ойын өрнегіне жаңа серпін берері сөзсіз. Александрға сары-қара түсті жейдеде жарқын жеңістер мен табысты маусым тілейміз», деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Жартылай қорғаушы Александр Меркель Поволжье немістерінің отбасында дүниеге келген. Оның әкесі де кәсіби футболшы болған және бір кездері алматылық «Қайрат» клубында ойнаған. Алты жасында Александр отбасымен бірге Алматы облысынан тарихи отаны – Германияға қоныс аударды. Соған қарамастан, ол Қазақстан азаматтығын сақтап қалды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58