Ғалам ғажаптары • 30 Қаңтар, 2026

Көзі байлаулы спортшы рубик кубигін 11,67 секундта құрастырды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Рубик кубигін шешу көп адамға таныс. Бірақ оны көзді байлап шешу мүлде басқа деңгей. Мұнда жылдамдық қана емес, жады мен елестету шешуші рөл атқарады. 2026 жылғы 10 қаңтарда Аустралияның Сидней қаласында өткен Cubing at The Cube 2026 жарысында Чарли Эггинс 3×3×3 Рубик кубигін көзін байлап тұрып 11,67 секундта шешіп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл нәтиже Guinness World Records тарапынан ресми тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Көзі байлаулы спортшы рубик кубигін 11,67 секундта құрастырды

Ең әуелі спортшы кубиктің түстеріне қысқа уақыт қарап алады. Сол сәтте ол кубиктің қалай «араласып» тұрғанын миына сақтайды. Кейін көзін байлайды. Одан соң қолмен ғана ұстап отырып, мида сақталған жоспар бойынша кубикті жинайды. Бір қарасаң, бұл математика сияқты. Бір қарасаң, музыка сияқты. Ең бастысы, бәрі санада жүреді.

Рубик кубигін 1 минутта жинайтын робот жасалды

Guinness мәліметінше, Чарли Эггинс бұған дейінгі 12 секундтық межеден асып түсті. Алдыңғы рекордты америкалық Томми Черри 2024 жылғы 11 ақпанда Сан-Диегода өткен жарыста қойған еді.  Яғни, әлемдегі ең мықты кубикшілердің өзінде айырмашылық жүзден бір секундпен өлшенеді.

Жарыста тағы бір жетістік тіркелді. Сол Сиднейдегі жарыста Чарли Эггинс көзді байлап шешудің орташа нәтижесі бойынша да рекордқа теңесті. Guinness дерегінде бұл көрсеткіш 14,05 секунд екені айтылады.

Көзді байлап шешу – ойын емес, жаттығумен шыңдалатын өнер. Мұнда зейін керек. Тәртіп керек. Күн сайын қайталау керек. Ең бастысы, миға салмақ түсіруден қорықпау керек.

Сэнфордтағы сәйкестік

Осындай рекордтар балаларға да пайалы. Қолдағы қарапайым кубик кейде баланың логикасын ұштап, төзімін тәрбиелеп, тіпті әлемдік деңгейге жол ашуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42