Фото: Azattyq Rýhy
Осы кезеңнен бастап волонтерлік инфрақұрылымы мен бағдарламалық қолдауы бар мемлекеттік саясаттың жеке бағыты ретінде дамып келеді.
Мәселен, бүгінде бүкіл ел бойынша Ұлттық фронт-офис және 20 өңірлік волонтерлер фронт-офисі жұмыс істейді, сондай-ақ Qazvolunteer.kz ұлттық онлайн-платформасы қолданылады.
2025 жылы белсенді волонтерлер саны 300 мыңға жуықтады, олардың қатарында 6 мыңға жуық «күміс» волонтерлер мен 810-нан астам волонтерлік ұйымдар бар. Негізгі бағыттарға қарттар мен жалғызбасты адамдарға көмектесу, қиын өмірлік жағдайда қалған адамдарды қолдау, экологиялық волонтерлік және төтенше жағдайларды жоюға қатысу кіреді.
«Игі істер марафоны» жобасы аясында 2025 жылы ел азаматтары 9 мыңнан астам игі іс жасады, ал қатысушылар саны 40 мың адамға жетті. Сонымен қатар, елімізде 56 волонтерлік жоба іске асырылып жатыр, сондай-ақ жергілікті жерлерде бастамаларды дамыту үшін 60 шағын грант берілді.
Мемлекет басшысы: Конституцияға өзгеріс енгізу керек болса, тек референдум арқылы жасауға болады
Қазақстан волонтерлік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр
Халықаралық бағыт Қазақстанда волонтерлік қозғалысты дамытудың маңызды бөлігіне айналып келеді. Халықаралық ынтымақтастық аясында екі ел волонтері БҰҰ өңірлік хатшылықтарына жіберілді, тағы жеті ерікті Кения, Түркия және Таиландта толық қаржыландыру бағдарламасы бойынша шетелде жұмысын жалғастырып жатыр.
Сонымен қатар, Президенттің бастамасымен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен жыл сайынғы Достастық еріктілерінің форумы құрылды, оның біріншісі 2026 жылы Астанада өтеді.
Төтенше жағдайлар кезінде волонтерлік көмек жүйесі нығайтылады
Сонымен қатар, Президенттің бастамасымен 2020 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы белгіленді. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен шет елдерден 297 адам сыйлық лауреаттары атанды.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйлеп, сын сағатта белсенді жұмыс істейтін еріктілердің жұмысын жоғары бағалады.