Алайда процесс формалды түрде әлі аяқталған жоқ. Төрелік шешім орындалу сатысынан өтуі тиіс, сондай-ақ инвесторлар тарапынан апелляциялық рәсімдер болуы мүмкін. Осы себепті мемлекеттік органдар әзірге пікір білдіруден тартынып отыр. Себебі мерзімінен бұрын жасалған мәлімдемелер өтемақыны өндіріп алу барысына әсер етуі ықтимал.
Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлейді
Tengenomika арнасының жазуынша, Қазақстан халықаралық құқықтық жүйе аясында өз мүддесін қорғай алатынын білдіріп, келісімшарт талаптары мен төрелік тетіктерге сүйене отырып әрекет ету қабілетін көрсетті. Бұл – институционалды тәжірибенің көрсеткіші. Ал жиналған құқықтық тәжірибе серіктестік құрылымы ұқсас басқа жобалар үшін де практикалық маңызға ие.
Сонымен бірге бұл даудың нәтижесі Қазақстанның инвестициялық саясатын қайта қаралады дегенді білдірмейді. Ел шетелдік капитал мен технология тартуға, соның ішінде мұнай-газ секторына, бұрынғыдай мүдделі. Бұл жағдай өзара іс-қимылдың шекарасын нақтылай түседі: келісімшарт талаптары мен қаржылық міндеттемелерді сақтау – барлық тараптар үшін негізгі қағида.
Шетелдік инвесторлар үшін бұл жағдай құқықтық ерекшеліктердің маңызын еске салады. Ұзақ мерзімді мұнай-газ жобаларында дәл осы құқықтық тетіктер даулар туындаған кезде тараптардың позициясын қорғаудың негізіне айналады.