Фото: Ақтөбе облысының экология департаменті
«QazaqGaz Aimaq» компаниясының Ақтөбе облыстық филиалы қалаға жеткізіліп жатқан газдың барлық талаптар мен стандарттарға сай екенін мәлімдеді. Мекеме өкілдерінің айтуынша, газдың ағуы немесе жоспардан тыс шығарылуы тіркелмеген.
Мәселеге байланысты экология мамандары да тексеру жұмыстарын жүргізген. Экология департаментінің мәлімдеуінше, 27-28 қаңтар күндері департамент мамандары қала аумағында атмосфералық ауаның сапасын анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді. Жүргізілген өлшеулердің нәтижесінде ластаушы заттардың (күкіртсутек, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, меркаптандар) шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кету дерегі анықталмаған.
Қазіргі уақытта экологтар «QazaqGaz Aimaq» мамандарымен бірлесіп, ауа сапасына қатысты қосымша өлшеулерді жалғастырып жатыр. Мамандар тұрғындар тарапынан түскен әрбір сигнал назарға алынатынын айтады.
Айта кетейік, Ақтөбе тұрғындары жағымсыз иіске қатысты мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Әсіресе жаз айларында бұл иіс қаланың басым бөлігінде сезілетіні жиі айтылады. 2025 жылы облыстық экология департаменті иістің көзі анықталғанын хабарлап, оның ауыл шаруашылығы мақсатында органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылған құс саңғырығынан шыққанын мәлімдеген еді. Алайда бұл жолғы жағдайдың себебі басқа болуы мүмкін деген болжам бар.
Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру жобасы артығымен орындалды