Фото: Ашық дереккөз
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша 31 жастағы аудан тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Оның әйелі мен анасына дене жарақатын салып, мүлікке қасақана зиян келтіргені анықталды. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс тіркелді», деп хабарлады облыстық ПД.
Полиция оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Жаркенттегі қатыгездік: Баласын аяусыз ұрған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін
Еске сала кетейік, Түркістан облысындағы Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.