Фото: Телеграм-канал «Серый Кардинал»
Луиш Нани «Ақтөбемен» келісімшартқа қол қою үшін Қазақстанға ұшып келген. Әуежайда оны клубтың қазіргі басшысы Арман Оспанов қарсы алды. Көп ұзамай футболшы жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарына таныстырылды.
Мәліметтерге сүйенсек, 39 жастағы экс-вингермен бір жылдық келісімшарт жасалған және оның айлығы айына 70 мың доллар көлемінде бекітілген.
Айта кетейік, Нани алаңдағы ойыншы ғана емес, сонымен қатар клубтың халықаралық деңгейде ілгерілеуіне жауапты ойыншы-менеджер қызметін де қоса атқарады.
Луиш Нани «Манчестер Юнайтед» сапында Англия Премьер-лигасының 4 дүркін чемпионы атанып, Лига кубогын 2 рет жеңіп алды. Сондай-ақ Чемпиондар лигасын, Англия Суперкубогын 4 мәрте және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған.
Әр жылдары ол «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия», «Лацио», «Орландо Сити», «Венеция», «Мельбурн Виктори», «Адана Демирспор», «Эштрела» клубтарында да өнер көрсеткен.
Бизнесмен «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды