Есірткі • 22 Қаңтар, 2026

Қарағандыда есірткі контрабандасымен айналысқан студент 15 жылға сотталды

31 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында заңсыз есірткі айналымы және есірткі контрабандасына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда есірткі контрабандасымен айналысқан студент 15 жылға сотталды

Тергеу материалдарына сәйкес, колледж студенттерінің бірі Telegram мессенджері арқылы белгісіз куратормен байланысып, «жасырушы-курьер» және «қойма» міндеттерін атқаруға келіскен. Оның міндетіне берілген координаттар бойынша есірткіні алу, сақтау, бөліп орау, тасымалдау және қала аумағындағы жасырын орындарға орналастыру кірген. Айыпталушы күніне шамамен 30 қаптама жасырған.

Петропавлда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ол Таиландтан Қазақстанға халықаралық пошта арқылы есірткі жеткізуді ұйымдастырған. Осы мақсатта ол 400 мың теңге сыйақы үшін Telegram арқылы кәмелетке толмаған дропперді тартып, поштаны оның атына рәсімдеген. Күдікті поштаны алу кезінде ұсталып, 909 грамм каннабис экстракты тәркіленген. Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен қосымша 80 грамм есірткі табылған. Сонымен қатар, ұялы телефонды тексеру кезінде бір күн бұрын бірнеше қаптаманы жасырғаны анықталған. Берілген координаттар бойынша тағы 3,34 грамм каннабис экстракты тәркіленді.

Пәтер емес, есірткі қоймасы: Жалдамалы пәтерде психотроптық заттарды сақтаған тұрғын ұсталды

Сот үкімімен айыпталушы 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Осыдан үш күн бұрын Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан курьерлер ұсталғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар