Оның айтуынша, келіссөздер 2025 жылғы 2 желтоқсанда Еуропалық одақ штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында ресми түрде басталған. Ақпан айында тараптар талқылаудың екінші кезеңіне өтпек. Вице-министр келіссөз жұмысы екі бағытқа бөлінгенін нақтылады.
«Еуроодақпен жүргізіп отырған жұмысымыз екі топқа, екі кезеңге бөлінеді. Бірінші топ реадмиссия туралы келісіммен, (яғни мемлекеттердің бір-бірімен жасайтын уағдасымен – ред.) айналысады, ал екінші топ визалық режимді жеңілдету жөніндегі құжатты пысықтап жатыр», деді Әлібек Бақаев Сенаттағы жиында.
АҚШ иммиграциялық визалар беруді уақытша тоқтатты: Қазақстан тізімге енді
Вице-министрдің сөзінше, бүгін Сенат ратификациялаған Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы реадмиссия туралы келісім визалық режимді жеңілдету үдерісін жеделдетуге ықпал етеді. Аталған құжат заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылды күшейтіп, кіру, болу немесе тұру талаптарын бұзған азаматтарды қайтарудың нақты құқықтық тетігін айқындайды.
Астанада тұрғындарды виза жасап беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
Сыртқы істер министрлігінің пайымдауынша, реадмиссия саласындағы құқықтық негіздің қалыптасуы Еуроодақпен визалық диалогта Қазақстанның ұстанымын нығайтып, келіссөздердің алға жылжуына мүмкіндік береді.