Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026

Жамбыл облысында екі адам жайылымдағы жылқыны атып алып кеткен

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында жайылымдағы жылқыны атып кеткен күдіктілер ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысында екі адам жайылымдағы жылқыны атып алып кеткен

Мамандар келтірген дерекке жүгінсек, Талас ауданының тұрғыны жайылымдағы жылқыларын тексеру кезінде іс-әрекеттері күдік тудырған «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігіндегі адамдарды байқап, учаскелік полиция қызметкеріне хабар берген.

Полиция қызметкерлерімен жедел шаралар қабылданып, автокөлік Үшарал ауылы маңында тоқтатылған. Тексеру барысында көліктің жүк салғышы мен салонынан бір бас жылқының бөлшектелген еті, сондай-ақ мал союға арналған құралдар мен аңшы мылтығы табылып, тәркіленген.

Қызылордада мал ұрлап, сойып жатқандар ұсталды

Күдіктілер жайылымда жылқыны атып алып, сол жерде сойғаны белгілі болды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі - 188-1 бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен (адамдар тобы болып, мал ұрлауға оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Сергек» камерасына оқ атқан жамбылдық азамат жазаланды

Күдіктілер 49 және 65 жастағы екі ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мал ұрлаған топ ұсталды

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20