Фото: видеодан алынған скрин
«ҚазАвтоЖол» АҚ қысқы маусымда жүргізушілерді қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырып отыр.
«Жолдағы басты қауіпсіздік ережелері бойынша шаршаған күйде рөлге отырмау, жол үстінде әр 2–3 сағат сайын тоқтап демалу, жылдамдықты шамадан тыс асырмай, қауіпсіз арақашықтықты сақтау мәселесіне назар аудары керек. Әсіресе ақы алу пункттерінен кейінгі учаскелерде қозғалыс қарқыны жиілеп, жүргізушіден жоғары жауапкершілік талап етіледі», делінген компания хабарламасында.
Айта кетейік, Петропавл және Астана бағытындағы трассаның Аққайың ауданы аумағындағы учаскесінде төрт адамның өмірін жалмаған жол апаты тіркелген еді.
2026 жылы жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар қалай өседі?
Бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаменті «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол ережесін 155 рет бұзған жүргізушіні қолға түсіргенін хабарлағанбыз.