Оқиға • 19 Қаңтар, 2026

Теңіз кен орнында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды

31 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теңіз кен орнында өрт шығуына байланысты электрмен жабдықтауда іркіліс болып, мұнай өндіру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теңіз кен орнында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

«Теңізшевройл» компаниясының баспасөз қызметі сақтық шарасы ретінде Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылғанын растады.

– Бұл шешім өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінің кейбіріне әсер еткен жағдайға байланысты қабылданды. Зардап шеккендер жоқ. Қызметкерлердің қауіпсіздігі компания үшін ең жоғары басымдық болып қала береді. ТШО-ның техникалық қызметтері оқиғаның бастапқы себебін анықтау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Компания өкілдері оқиғаның салдарын мүмкіндігінше тезірек жоюға күш салып жатқанын және теріс әсерлерді азайту үшін мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп отырғанын атап өтті.

«Теңізшевройл» Атырау жылу электр орталығына газ жеткізуді тоқтата ма?

– Теңіз кен орны мен барлық өндірістік нысандар қауіпсіз күйде, сенімді қорғалған, – деп сендірді ТШО.

Еске салайық, кеше Теңіз кен орнында өрт болғанын хабарлаған едік. 

КТК теңіз терминалы мұнай қабылдауды тоқтатты

Соңғы жаңалықтар