Фото: instagram.com/housesofjapan
Арнаның ақпаратынша, аталған сомаға сатып алушы екі қабатты, теңізге панорамалық көрінісі бар үйге ие болады. Сонымен қатар нысанда қайыққа арналған гараж, зат сақтауға арналған қосымша орын және шағын жеке ауласы бар екені көрсетілген.
Сатылым туралы хабарландыру фотосуреттермен бірге берілген.
Жапонияда зообақ қызметкерлері аң костюмін киіп өнер көрсетті
Жылжымайтын мүлік Окиносима өңірінде орналасқан. Бұл – Жапонияның батысындағы, Симанэ префектурасына қарасты, Жапон теңізіндегі шалғай арал. Ол Оки аралдары архипелагының құрамына кіреді және ерекше табиғатымен, көне тарихымен, сондай-ақ дәстүрлі өмір салтымен танымал.