12–18 сәуір аралығында «Баянтау» спорт сарайында әйелдер командалары арасында классикалық волейболдан Қазақстан Республикасының XXXIV чемпионатының ақтық тур ойындары өтуде. Жарыс Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан волейбол федерациясы және жергілікті әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылды.
Маусым қорытындысына жақындаған шақта «А» тобы - «Хиуаз-Атырау», «Шымкент», «Тараз», «Жайық», «Б» тобына - «Қайсар», «Әлия» (Хромтау), «Астана СДД» және «ERTIS» командалары чемпиондық атақ пен жүлделі орындарды сарапқа салуда.
Нұрпейіс ҚОНЫСБАЙ,
Волейболдан мемлекеттік жаттықтырушы