Спорт • 18 Қаңтар, 2026

Қазақстан футболшысы Еуропадағы клуб сапында сәтті дебют жасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубы сапындағы алғашқы матчын Шотландия кубогы аясында өткізіп, нәтижелі өнерімен көзге түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан футболшысы Еуропадағы клуб сапында сәтті дебют жасады

Шотландия кубогының 1/16 финалында «Хартс» «Фолкиркпен» кездескен. Ойын барысында Ислам Чесноков 77-минутта алаңға қосалқы құрамнан шықты.

85-минутта футболшы қарсылас қақпасына қарай шабуыл кезінде пенальти соғылуына себепкер болды. Осы пенальтидің арқасында «Хартс» есепті теңестіріп, негізгі уақыт 1:1 нәтижесімен аяқталды.

«Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Қосымша уақытта жеңімпаз анықталмады. Ал пенальти сериясында «Фолкирк» ойыншылары 5:4 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтті.

Еске салсақ, 26 жастағы Ислам Чесноковтың «Хартсқа» ауысқаны 7 қаңтарда ресми түрде жарияланған. Бұған дейінгі матчтарда оның дебюті күтілгенімен, команда ойыны қиын өтіп, бір ойын кезінде ойыншылардың бірі алаңнан қуылғаннан кейін «Хартс» есепті сақтауға мәжбүр болған. Сол себепті Чесноков сол кездесуде қосалқы құрамда қалған еді.

«Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

Соңғы жаңалықтар