Банк • 17 Қаңтар, 2026

АҚШ-тың алты банкі 2025 жылы акционерлерге рекордтық 140 млрд доллар қайтарды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылы АҚШ-тың жетекші алты банкі акционерлерге дивидендтер төлеу және акцияларды кері сатып алу арқылы 140 млрд доллардан астам қаражат қайтарды. Бұл – жаңа рекорд. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 2019 жылы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-тың алты банкі 2025 жылы акционерлерге рекордтық 140 млрд доллар қайтарды

Капитал жеткіліктілігіне қойылатын талаптардың жұмсаруы аясында төлемдер көлемі айтарлықтай артқан. Атап айтқанда, JPMorgan Chase & Co. өткен жылы өз акцияларын 30 млрд доллардан астам сомаға кері сатып алды.

Ал Citigroup Inc. үшінші тоқсанда стресстік тестілеуден сәтті өткеннен кейін buyback көлемін өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бес есе ұлғайтты.

Банктер және банк қызметі туралы жаңа заңда қандай мәселелер қамтылған?

Банктер басшылығы 2026 жылы да акционерлерге төлемдердің жоғары деңгейін сақтауды жоспарлап отыр. Мәселен, Goldman Sachs Group бас директоры Дэвид Соломон банк акцияларды кері сатып алу мәселесінде «динамикалық ұстанымды сақтайтынын» айтты.

Ислам банкінің екінші деңгейлі банктерден айырмашылығы неде?

Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35