Фото: ашық дереккөзден
Қазір қаладағы Көктөбе шағынауданында екі автобус бағытының соңғы аялдамасы болып саналатын алаңның құрылысы аяқталды.
Бұл бағыттарда 47 автобус қатынайды. Алаң аумағында тамақтану аймағы мен санитарлық бөлмелері бар модульдік ғимарат орнатылып, асфальт төселген. Аталған аумақ электр желілерімен толық жабдықталған.
Сондай-ақ қаланың әртүрлі ауданында биыл пайдалануға берілетін тағы үш алаңның құрылысы басталды. Ал 16 тоқтау-бұрылу алаңы бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.
Алматы метросының «Қалқаман» станциясы мерзімінен бұрын пайдалануға беріледі
Қала әкімдігі 2040 жылға дейін метрополитен желісінің ауқымын кеңейтуді де жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.