Бұл туралы елорданың білім басқармасы мәлімдеді.
«Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты 16 қаңтарда екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшеді», делінген хабарламада.
Бұған дейін синоптиктер Астанада 16 қаңтар күні ауа температурасы -42 °C-қа дейін төмендейтіні туралы хабарлаған еді.
Сонымен қатар бүгін ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Қостанай облысының қалалары мен аудандарында бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.