Қылмыс • 14 Қаңтар, 2026

Алматы облысында оқушы өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында оқушының қаза табуына қатысты полиция ресми түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында оқушы өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды

Полиция мәліметінше, 2026 жылғы 8 қаңтарда орын алған оқиға бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алдын ала деректерге сәйкес, оқиға кезінде күдікті тарапынан соққы жасалған. Алайда полиция бұл мәліметтердің алдын ала сипатқа ие екенін атап өтті. Қазіргі таңда оқиғаға қатысушылар мен куәгерлердің көрсетулері, сондай-ақ тағайындалған сараптамалардың қорытындылары жан-жақты тексерілуде.

Ескі монша жанындағы оқушы өліміне қатысты сот үкімі шықты

Сонымен қатар, бұған дейін тараған оқиғаның ақшаға байланысты болғаны жөніндегі ақпарат әзірге расталған жоқ. Бұл нұсқа да тергеу аясында тексеріліп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Ақтөбе облысындағы оқушы өліміне қатысты іс сотқа жолданды

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар