Фото: vogue.com
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының мәліметінше, Қазақстан табиғи ландшафттар, аутентикалық мәдениет және қалалық ортаның үйлесімімен ерекшеленген. Бұл іріктеуге көршілес Қырғыз елі де енген.
«Әлеуметтік желідегі Reels лентасында бір жылдан астам уақыт бойы алдымнан кездесіп, маза бермеген бағытқа күзде ақыры жол тарттым. Отыз сағаттық жолды артқа тастап, екі рет ұшаққа ауысып мінгеннен кейін Қазақстанның Алматы қаласына қондым. Бұл ел үздік орындар тізіміне сирек енеді, бірақ сол атаққа әбден лайық мекен», деп атап өтілген материалда.
Редакторлардың назарын Алматының сәулеті, заманауи қалалық кеңістіктер, Іле Алатауы тауларының көркем көріністері мен ұлттық асхана аударған.
Бұған дейін Италиядағы COOK журналы алты бетін Қазақстанға арнаған еді.