Қоғам • 13 Қаңтар, 2026

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жалақысынан заңсыз салық ұсталған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024-2025 жылдары заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде Ақмола облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың жеке табыс салығын (ЖТС) ұстау кезінде олардың құқықтары жүйелі түрде бұзылғанын анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жалақысынан заңсыз салық ұсталған

Фото: gurk.kz

Конституция барлық азаматтардың теңдігіне және кемсітушілікке жол берілмейтініне кепілдік береді. Қағидатты іске асыру мақсатында салық заңнамасында I, II, III топтағы мүгедектігі бар адамдар жылдық табысы айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда жеке табыс салығын төлеуден босатылады.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды қандай әлеуметтік қолдау шаралары бар?

«Заңның тікелей талаптарына қарамастан, жекелеген ұйымдарда мұндай қызметкерлердің жалақысынан салық негізсіз ұсталған.

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде 344 мүгедектігі бар азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп, оларға заңсыз ұсталған 12,8 млн теңгеден астам сома қайтарылды», делінген хабарламада.

Прокурататура тарапынан аталған бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Kundelik платформасының басты бетінде прокуратура блогы іске қосылды

Соңғы жаңалықтар