Мәдениет • 13 Қаңтар, 2026

Аида Балаева Әуезов атындағы драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары − мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын жүз жылдық мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

Аида Балаева Әуезов атындағы драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Аида Балаева құттықтау сөзінде театрдың ғасырлық шежіресін баса айтып, ұлт руханиятына ересен еңбек сіңіріп жатқанын атап өтті.
«Қазақ руханиятының қара шаңырағы – Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймын! Ғасыр бұрын «Еңлік-Кебекпен» ашылған қасиетті шымылдық содан бері талай дәуірді артқа тастап, ұлттың тағдырлы кезеңдерін, арман-мұратын сахна тілімен сөйлетіп келеді», деді министр.
Сонымен қатар ұжымның классикалық қойылымдары мен әлемдік деңгейдегі жетістіктеріне тоқталды.
«Киелі сахнада қазақ драматургиясының інжу-маржанына айналған «Абай», «Қобыланды», «Қарагөз», «Айман – Шолпан» және өзге де туындылар сахналанды. Өнер ошағы Алматыға қоныс аударып, 1937 жылы академиялық мәртебе алды, кейін оған Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. Бүгінде «Ұлттық» мәртебеге ие театр әлемдік мәдени кеңістікке батыл қадам жасап келеді. Театр бүгінде ұлт өнерін өркендетіп, дәстүр сабақтастығын сақтап, үлкен шығармашылық орда қалыптастырып отыр. Театр ұжымына зор денсаулық, шығармашылық шабыт, өнер жолында жаңа жетістіктер тілеймін!», деді Аида Балаева.
Еске салайық, «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында «Ұлт театрының тұңғыш қойылымы» атты мақала жарық көрді.
Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42