Білім • 12 Қаңтар, 2026

Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты түстен кейін оқитын бастауыш сынып оқушыларын қашықтан оқу форматына ауыстырды, деп жазады Egemen.kz.

Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды

Фото: Астана қаласының білім басқармасы

«2026 жылғы 12 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0–4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген басқарма таратқан хабарламада. 

Айта кетейік өткен түнде Астанаға қалың қар түсіп, түнде қала аумағынан 18 мың текше метр қар қоқыс алаңдарына шығарылған.

Ал «Қазгидромет» РМК бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсетінін хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40